ӘЛ-ФАРАБИДІҢ ҚАЗАҚ ТІЛІНЕ АУДАРЫЛҒАН ЕҢБЕКТЕРІ
Әл-Фарабидің есімі шоқжұлдыздар арасында ерекше жарқырап көрінеді, себебі ол араб әлеміндегі аристотелизмді шынайы философиялық жүйеге ай- налдырды, соның арқасында көзі тірісінде-ақ Ари- стотельден кейінгі «Екінші ұстаз» атанды. Фараби артына үлкен ғылыми мұра қалдырып кетті: оның еңбектері шамамен 160 трактаттан асып жығылады. Ғұлама ғалымның араб, парсы, түрік, латын, неміс, испан, француз, орыс, қазақ, өзбек, тәжік, түркімен тілдеріне аударылған 100-ден астам еңбегі біздің заманымызға дейін сақталып жетті. Олар: 1. Адам мақсатына өзін-өзі жетілдіру арқылы же- теді: нақыл сөздер //...