Мұсылман мемлекеттері басшыларының 1969 жылғы 25 қыркүйекте Рабатта өткен конференциясында негізі қаланған Ислам ынтымақтастығы ұйымы (ИЫҰ) – ең ірі және ықпалды үкіметтік әрі халықаралық мұсылман ұйымы. Қазіргі уақытта ол жалпы саны шамамен 1,5 миллиард адамды қамтитын 57 елдің басын біріктіріп отыр.
ИЫҰ Бас хатшысы Қазақстан және оның көшбасшысының Ұйымның қызметін қолдаудағы, мүше мемлекеттердің арасындағы сенім мен өзара қарым-қатынас атмосферасын нығайтудағы рөлін жоғары бағалады. ИЫҰ қызметінде 2016 жылы Қазақстан мен Түркия Президенттері ұсынған Исламдық татуласу бастамасын іске асыру мәселесі ерекше орын алады. Бұл концепция ИЫҰ-ға мүше елдер арасында түрлі келіспеушіліктерді реттеу үшін кең және икемді платформа құруды көздейді. Осыған байланысты тараптар осы бағыттағы бірлескен жұмыстың нақты шаралар кешені бойынша келісті.
2019 жылы 22-24 сәуір аралығында Алматы қаласында өткен Ислам Ынтымақтастық Ұйымының «Ислам әлеміндегі татуластық бастамасы: ИЫҰ мемілекеттерінде бейбітшілік пен шиеленістерді реттеу мүмкіндігі» халқаралық семинар өтті. Семинардың бірінші сессиясында, Исламды жақындастыру бойынша бастама: қақтығыстарды реттеудегі ИЫҚ-ның рөлі, ИЫҚ-ға мүше мемлекеттер арасындағы дауларды бейбіт жолмен реттеу мақсатында исламдық жақындастыру бірлескен Қазақ-Түрік бастамасы жан-жақты қарастырылды. Сонымен қатар, ИЫҚ-ның қақтығыстар мен делдалдық реттеудегі рөлі, бейбітшілік және қақтығыстарды реттеу мәселелері бойынша байланыс топтарының маңызы және исламды жақындастыру жөніндегі толықтыру мақсаты ИЫҚ-ның серіктестестер-достарының делделдық мәселелеріде қарастырылды.
Семинардын бірінші күні алғашқы жартысында өкінішке орай ислам тероризімі туралы сөз қозғалынып, тек бір-беткейлігі туралы айтқан Қазақстан республикасының Сыртқы істер министірінің ерекше тапсырмаларын орындаушы Қайрат Лама Шариф өзінің баяндамасында ислами келенсіздіктерден бастауды жөн көрді. Осылайша олдын алдын алу жолдарын ИЫҚ- мүшелері талқыға салды.
Семинардын екіші жартысында исламның құндылығы мен мақсатын айқындау барысында әл-Қуддус істері жөніндегі бас хатшысының орынбасары Самир Б.Х Дияб мырза өз баяндамасында исламға жасалғаң жалалар мен айыптарды айтты. Ислам дінінің басты мінттеттерін ашықтап, әлем бойынша исламды ұстанушы мұсылмандардын құқығы жайлы сөз қозғады.
Семинардын үшінші күні Пакистан және әл-Қуддус мәселесі жөнінде Ислам Ынтымақтастық Ұйымының Бас хатшысының көмекшісі Самир Б.Х. Диаб мырза Пслистинадағы болып жатқан келенсіздікпен мұсылмандардың құқығы тапталғаны туралы сөз қозғап, ислами құндылықтарды сақтауда өзіндік ұсыныстар жасады. Ол өз сөзінде «Әлемдегі болып жатқан келенсіз жайттарды алдын алуымыз керек. Алайда қандайда бір конфлик, келенсіз жағдай орын алған кезде біз басқа бүліктердін шығып кетпеуін қолға алып қадағалауымыз керек. Өйткені басы басталған бүліктен, басы басталмаған бүлікті тоқтату бейбітшілікке әлде-қайда тиімдірек» деді.
Семинар ИЫҚ жарғысында бекітілген ұйымтың негізгі қалауы уәждерін, бейбітшілік қағидаттарын іске асыруға және Исламды жақындастыру жөніндегі бастамасын іс жүзінде қолдануға үлкен үлес қосады деген үміттеміз.
авторы: 2 курс магистранты Тойғылы Д.Ә. және Құрманалиева А.Д. философия ғылымының докторы, профессор